1992 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми журналдарды шығарады. Әр журнал жеке басылым ретінде халықаралық ISSN мен жазылу индекстеріне ие. Журналдар ғылыми жұмыстың нәтижелерін жариялау үшін білім мен ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми басылымдардың тізіміне қосылған.
Журналдарда жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың салалары бойынша іргелі, қолданбалы, іздеу зерттемелерінің өзекті мәселелері бойынша нәтижелер жарияланады. Материалдар мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.
Бүгінгі күнде барлық журналдардың редакциялық алқасы ғылым салалары бойынша әлем ғалымдарын қоса отырып, өз құрамын едәуір кеңейтті. Сонымен қатар, журналға берілетін мақалаларға тағайындалатын рецензенттердің құрамы да кеңейтілді. Ревьюверлердің (reviewers) құрамына ғылымның түрлі салалары бойынша танымал ғалымдар қосылды.